Түркияда Ердоғанның Мармаристегі қонақ үйіне шабуыл жасаған 8 әскери ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда Ердоғанның Мармаристегі қонақ үйіне шабуыл жасаған 8 әскери ұсталды

Түркияда Ердоғанның Мармаристегі қонақ үйіне шабуыл жасаған 8 әскери ұсталды

Түркиядағы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінде Түркия президенті Тайып Ердоған Мармаристе тоқтаған қонақ үйге шабуыл жасаған сегіз әскери қызметкер елдің оңтүстік-батысында ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости

  • 1 Тамыз 2016
  • 368
Фото - Caravan.kz

Мармаристегі Ердоған тоқтаған қонақ үйге шабуыл жасауға қатысы бар деп күдіктелген жеті әскери қызметкер Түркияның оңтүстік-батысындағы Мугла провинциясында ұсталды.

Мармарис ауданында жүгері алқабынан күдікті адамдарды байқаған жергілікті тұрғындардың дабылымен тағы да бірқатар  шабуылшылар қолға түсті.

16 шілдеге қараған түні бүлікшілер тобы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді. Соңғы деректерге сәйкес, қарсылықтар нәтижесінде Ыстамбұл мен Анкарада бүлікшілерді қоспағанда, 246 түрік азаматы көз жұмды, 2 мыңнан астам адам жарақат алды.