Үш тұрғын дене жарақаттарын алып, дүкендердің бірінің терезесі сынды, деп хабарлайды otyrar.kz облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұзақылық әрекеттердің орын алуына Сейфуллин ауылы тұрғынының кәмелет жасқа толмаған қызына сексуалды сипаттағы әрекеттер жасалды деген күдігі себеп болған. Аталған жайт сотқа дейінгі бірыңғай тергеп-тексеру тізіліміне тіркеліп, қылмысты кодекстің 121-бабы, 4-бөлімімен іс қозғалды.
Ата-анасының бақылауымен дәрігерлер жас қыздың денесінің интимді жерлерін тексеріп шыққанда оның денесінен патологиясы мен дене зақымдары анықталмады. Сот-медициналық және психология-психотриялық сараптамалар тағайындалды. Күдікті ата-анасының жауапкершілігіне берілді.
Ал бір топ азаматтардың бұзақылық іс-әрекеттерін тергеу бойынша аудандық криминалистер және тергеушілерден жедел-тергеу тобы құрылды. Ауылға қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында ішкі істер органдарының 170 қызметкері жұмылдырылды.
1 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің, облыс прокурорының, ішкі істер департаменті бастығының орынбасарлары Сейфуллин ауылының тұрғындарымен жиын өткізді. Құқық қорғау және мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам институттарының бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесінде тәртіпке қарсы іс-әрекеттер шектеліп, тоқтатылды. Жағдай бақылауда» делінген хабарламада.