Лондон орталығында белгісіз біреу адамдарға пышақ алып жүгірді, қаза тапқандар бар - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лондон орталығында белгісіз біреу адамдарға пышақ алып жүгірді, қаза тапқандар бар

Лондон орталығында белгісіз біреу адамдарға пышақ алып жүгірді, қаза тапқандар бар

Белгісіз біреу Лондонның орталық бөлігіндегі көшедегілерге пышақ ала жүгірді, бір адам қайтыс болып, бес адам жараланды, деп хабарлады Лондон полициясына сілтеме жасаған ресейлік РИА Новости агенттігі.

  • 4 Тамыз 2016
  • 329
Фото - Caravan.kz

«Оқиға орнынан жарақат алған алты адамды анықталды», — делінген полиция хабарламасында. Жараланған бір әйел сол жерде көз жұмды.

Оқиға Рассел-скверде жергілікті уақытпен 22:30-да болған. Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы анықталуда.

Шабуылшы ұсталды, тергеудің бұл кезеңінде полиция оқиғаның терроризммен қатысы бар болуы мүмкін деп санайды.


Соңғы жаңалықтар