Руандағы барда шыққан өрт салдарынан 13 адам ажал құшты, алтауы жарақаттанды. Paris-Normandie басылымының ақпаратынша, Le Cuba Librе бары отқа оранды. Онда 18-25 жас аралығындағы жастар солардың бірінің туған күнін тойлаған, деп хабарлады ТАСС.
Кей мәліметтерге қарағанда, өрт абайсыздан болған жарылыс салдарынан шығуы мүмкін.