Алматыда Көктөбенің саябағына кіру тегін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Көктөбенің саябағына кіру тегін болды

Алматыда Көктөбенің саябағына кіру тегін болды

Алматыда Көктөбедегі саябақ аймағына кіру ақысы алынып тасталды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Тамыз 2016
  • 384
Фото - Caravan.kz

«Көктөбедегі саябақ аймағын сенімгерлікпен басқару құқығы берілген жеке компания осы аймаққа кіру ақысын жойды. Бұл туралы аталған компания басшылығы кеше — жұма күні қала әкімдігіне мәлім етті», — делінген хабарламада.
Осы қызмет көрсетуші компания басшылығының бұйрығына сәйкес, 28 шілдеден бастап, саябақ аумағына жаяу кіру ақысы күшін жойды. Ол — 100 теңге болатын. Сөйтіп, бұл саябақ аумағы барлық санаттағы тұрғындарға қол жетімді болды.

Компания басшылығы бұл саябақтың инфрақұрылымын қайта ұйымдастыруға байланысты жасалып отырғанын айтты.

Дегенмен, арнайы автобустардан жеке автокөліктердің кіруіне тыйым салынған.