Астана уақыты бойынша сағат 18:00-де пневматикалық винтовкадан оқ атуға Юрий Юрков шығады.
Сондай-ақ 18:00-де финалда медаль үшін садақшылар жарысқа шығады, олар: ерлер арасында Сұлтан Дүзелбаев және әйелдер арасында Луиза Сайдиева.
Сағат 18.30-дан бастап, академиялық есу жарысында жеке сында Светлана Германович пен Владислав Павловтың жұбаныш финалы өтеді. 19.00-де татамиге 73 келіге дейінгі салмақ санатында дзюдошы Дидар Хамза шығады.
22.10-да есу слаломында жарыс басталады, онда ел намысын Екатерина Смирнова қорғайтын болады. Рингке отандық бокс мектебінің үш өкілі шығады: 2:00-де 49 келіге дейін салмақта Біржан Жақыпов, 3.30-да 75 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әлімханұлы, ал сағат 4.00-де 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит шығатын болады.
8 тамызда қазақстандықтардың жарысқа қатысуын 62 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсететін ауыр атлет Фархад Харки аяқтайды.