Боксшының айтуынша, турнирге дайындалуда ешқандай қиындық жоқ. Сондай-ақ, Даниярдың айтуынша, ол командасымен бірге Астанадағы кәсіпқой боксшылармен дайындық жұмыстарын да жүргізген. "Олар бізге жақсы көмектесті. Бұған дейін мен АҚШ-тағы жаттығуларда болдым, онда кәсіби боксшылармен жаттықтым. Бұл жолы жаттығу жұмыстары қызықты өтті. Мен жемісті еңбек еттім. Бірақ меніңше, өзіме қажеттіні Америкадағы жаттығу жұмыстарында үйреніп алдым", — деді Елеусінов.
Айта кетейік. қазақстандық боксшы үшін бұл екінші Олимпиада екен. Соңғы жылдары ол бұрынғыдан ауыр салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізіп жүр. "Енді менің нәтижелерім 69 келі салмақ дәрежесіне дейін болады. Әрине, тәжірибе жинадым. Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңіске жетемін", — деді боксшы.