Қытай ғалымдары адам терісінен айырмашылығын ажыратып тану мүмкін болмайтын жасанды тері жасап шығаруды ойластырып жатыр. Мұны 3D баспаның көмегімен жасамақ.
Әзірге адам терісі секілді икемді, иілгіш теріні жасау ешбір елде жүзеге асырылған жоқ. Қытай мамандары бұған дейін балаға ауыстырып салу үшін бас сүйек жасаған еді.
Мамандар терімен қоса бұлшықеттер мен буындарды да қатар жасамақ.