Алматының тағы екі көшесіне автобусқа арналған жолақтар енгізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматының тағы екі көшесіне автобусқа арналған жолақтар енгізеді

Алматының тағы екі көшесіне автобусқа арналған жолақтар енгізеді

Қалалық жолаушылар және автокөлік жолдары басқармасы Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріне арнайы автокөлік жолақтарын жүргізу жұмысының аяқталғанын хабарлайды.

  • 8 Тамыз 2016
  • 410
Фото - Caravan.kz

 Бұл жолдардың бір бағытқа арналған ұзындығы 3,2 және 3,6 км құрайды.

Жол жүру жолақтары қала тұрғындарының игілігіне, діттеген жерлеріне еш кедергісіз жетуге және жолдардың ұзақтығын қысқартса, Желтоқсан мен Наурызбай және Райымбек пен Абай даңғылында жол қозғалысын жақсартады.    

Айта кетсек, мұндай жолақтар алғаш 2015 жылы Абай даңғылы мен Шығыс айналма жолында сынақтан өткен болатын. Қазіргі таңда, ол жерлерде жол қозғалысы жақсарып, тиімділігін көрсетуде.


Желтоқсан мен Наурызбай көшелеріндегі жолақтар, 10 тамыздан бастап пайдалануға беріледі.