Рио-2016: 9 тамызда қазақстандықтар спорттың төрт түрінде өнер көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Рио-2016: 9 тамызда қазақстандықтар спорттың төрт түрінде өнер көрсетеді

Рио-2016: 9 тамызда қазақстандықтар спорттың төрт түрінде өнер көрсетеді

9 тамызда, сейсенбі күні, қазақстандықтар Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы спорттың төрт түрінен біздің спортшыларымызға жанкүйер бола алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 9 Тамыз 2016
  • 405
Фото - Caravan.kz

Сағат 02.00-де «Риоцентро» көрме орталығындағы рингnе 49 келіге дейінгі салмақта Біржан Жақыпов өзінің алғашқы ұрысын өткізеді. 03.30-да 75 келіге дейінгі салмақ санатында қазақстандық әуесқой боксшы, әлем чемпионы, Азия және Азия ойындары чемпионы Жәнібек Әлімханұлы шығады. Оның қарсыласы британдық орта салмақтағы боксшы Энтони Фаулер. Фаулер —  Геннадий Головкиннің жанкүйері. Ал 04.00-де Қазақстанның екі мәрте чемпионы және Азия чемпионы Василий Левит пен қытай боксшысы Юй Фэнкай жұдырықтасады.

Сондай-ақ 04.00-де 62 келіге дейінгі салмақ санатында қазақстандық ауыратлет Фархад Харки сайысқа шығады. Харки — 2012 жылғы Қазақстан чемпионы. 2013 жылы 138 + 165 = 303 келі нәтижесімен Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды. 2013 жылғы Универсиадада 135 + 171 = 306 келі көрсеткішімен чемпион болды. Туризм және спорт академиясының (Алматы) студенті.

«Кариока Арена 2» кешенінде дзюдодан сайыстар өтеді. 19.21-де 73 келіге дейінгі салмақ санатында татамиде қазақстандық Мариан Ордабаева мен қытайлық Янь Цзюнься белдеседі. 28 жастағы Қазақстанның спорт шебері Мариан Әлем кубогының екі мәрте қола жүлдегері, Еуропа кубогының қола жүлдегері, Гран-придің үш мәрте қола жүлдегері, Азия ойындарының қола жүлдегері.


21 жастағы қазақстандық жүзгіш, 2014 жылғы Азия ойындарының үш мәрте чемпионы Дмитрий Баландин жүзметрлік брасста сегізінші болып келді, сағат 23.05-те одан да үлкен қашықтық — 200 метрде бағын сынайды. Жарыстар су спорты түрлерінен Олимпиада стадионында өтеді.

Бразилиямен уақыт айырмашылығына сәйкес екінші олимпидалық күн өтіп жатыр. Түн ортасынан кейін және 10 тамызда күні бойы өтетін жарыстар аңдатпасын «ҚазАқпарат» 00.30-да жариялайды.