Алматы полициясы той кортежінде оқ атқанды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы той кортежінде оқ атқанды ұстады

Алматы полициясы той кортежінде оқ атқанды ұстады

Алматы қаласы Медеу ауданының ІІБ криминалды полиция бөлмшесі Шығыс айналма жолында жүрген той кортежінде оқ атқан ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық ІІД.

  • 9 Тамыз 2016
  • 349
Фото - Caravan.kz


«Ол Алматы қаласы Әуезов ауданында тұратын, «БМВ Х-6» маркалы автокөлігінің иесі, 1995 жылы туған Абдуллаев Махмад болып шықты. Ұстау барысында оның әкесі — 1969 жылы туған Абдуллаев Илхамның атына тіркелген «ИЖ-79» газды тапаншасы тәркіленді. Тергеуде ол досының үйлену тойында болғанын, жолда жүру кезінде аспанға бірнеше оқ атқанын мойындады. Елді мекенде оқ атқаны үшін ҚР ӘҚБК 436-бабына сәйкес, Абдуллаев жауапқа тартылды. Одан бөлек, М.Абдуллаев жолда жүру ережелерін өрескел бұзғаны үшін: ҚР ӘҚБК 606 бабы, 1 бөлімі — апатты жағдай туғызу; ҚР ӘҚБК 595 бабы, 4 бөлімі — ЖЖЕ сигнал беру талабын дұрыс орындамау; ҚР ӘҚБК 614 бабы — көлік құралдарының жүруіне қасақана кедергі келтіру бойынша жауапкершілікке тартылды. Тапанша алынды, «БМВ» көлігі арнайы айып тұрағына қойылды», — деп хабарлады Медеу ауданы ІІБ басшысы, полиция полковнигі Есен Ысқақов. 
Сонымен бірге, Алматы ІІД әкімшілік полиция басқармасы ҚР ӘҚБК 484-бабында қарастырылған өз атына жазылған қаруды сақтау тәрбітін бұзған тапанша иесі — И.Ш. Абдуллаевқа да әкімшілік шара қолданылатынын хабарлады.