Дмитрий Баландин 2014 жылы Оңтүстік Кореяда өткен Азия ойындарының үш дүркін чемпионы болды. Осы жеңісінен кейін қазақстандықтар оған үміт арта бастады.
Ол 2009 жылдан бері жеке бапкері Казакова Алексей Николаевичтің жетекшілігінде жаттығып келеді.
2011 жылы Баландин ҚР суда жүзу спорт шебері атағын алды. Жыл соңында ҚР халықаралық кластағы спорт шебері атағын иеленді.
Дмитрий Баландин 1995 жылы 4 сәуір күні Алматыда дүниеге келген. Бойы 195, салмағы – 85 келі. Суда жүзу спортымен 2003 жылы 8 жасынан бастап айналыса бастаған. 2008-2012 жылдары Алматыдағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқыған.
2010 жылы Ресейде өткен жарыста «Александр Попов атындағы кубокты» еншілеген. 2011 жылы үлкен топтар арасындағы VII Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 2013 жылы суда жүзуден IV әлемдік жастар чемпионатында 4-орынды иеленген. 2015 жылы жазғы Универсиадада алтын мен қола жүлдені иемденді. 2016 жылыОлимпиада чемпионы атанды.
Ол үйінде хаски итін асырайды. Суда жүзуде бөлек футболды жақсы көреді.
Рио олимпиадасының жаңа чемпионы – Дмитрий Баландинді достары құттықтайды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Атап айтқанда, Дмитрийдің құрбысы Кристина Тыныбаева құттықтау лебізін білдірді, ол да -синхронды жүзу бойынша спортшы.
«Біз алғаш рет №8 лицейде танысқанбыз, 6-сыныптан кейін ол қалалық мектепке, мен республикалық спорт мектебіне ауыстым. Бала кезден бері бір бассейнде жүздік. Жарыстарға да жиі бірге барып жүрдік», – деп әңгімеледі Кристина.
«Диманы шын жүректен құттықтаймын. Бәрібір осы Олимпиаданы тағатсыздана күттік. Биылғы жыл ол үшін өте ауыр болды. Біз оған қолдау білдіруге тырыстық. Барлық достары оның ойынын көріп, жанкүйерлік етті, әрине біз онымен мақтанамыз!», – деп атап өтті ол.