Алматыда психикалық ауруханадан қашқан науқас іздестірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда психикалық ауруханадан қашқан науқас іздестірілуде

Алматыда психикалық ауруханадан қашқан науқас іздестірілуде

Алматыда ақыл-есі дұрыс емес зардап шегетін психикалық денсаулық орталығының науқасы іздестірілуде. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Тамыз 2016
  • 286
Фото - Caravan.kz

«2016 жылы 10 тамызда шамамен сағат 19-да Алматыдағы психикалық денсаулық орталығынан 1982 жылғы Қожамбетов Қанат Жанатұлы қашып кетті. Ол  шизофренияның созылмалы түрінен зардап шегеді», — деп хабарлады полицейлер.

Қазіргі уақытта Қ.Қожамбетовты ұстауға Алматы қалалық ІІД-нің жеке құрамы, сонымен қатар шекаралас облыстардың ішкі істер органдарының құрылымдары тартылды.  

Полиция Қ.Қожамбетовтың қайда екені туралы білетін азаматтардан  254-40-42; 254-40-92; 254-49-75 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.