«Олимпиада қорытындысы жарияланғаннан кейін-ақ, ұйымдастырушылар комитеті ресми іріктеу байқауының басталуын күтпестен, Универсиада алауын алып жүру мәртебесін Дмитрий Баландинге беру туралы шешім қабылдады. Мұнда оның Алматыда туып-өскені, Алматыдағы ЖОО-да білім алып жатқаны да ескерілді», — деп түсіндірді дирекция.
Алау эстафетасына барша Қазақстаннан 1 000 адам қатысады.
«Алау ұстаушылардың 75% студенттер болмақ. Студенттер арасынан спорт, ғылым, мәдениет сынды өзін жан-жақты қырынан көрсетіп жүрген үздік студенттер таңдап алынады», — деді К.Пяртель.
2017 жылы Алматыда өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың алау эстафетасына қатысушыларды ресми іріктеу байқауы 2016 жылдың 1 қыркүйегінде басталады және 16 желтоқсан күні алау ұстаушылардың қорытынды тізімі жарияланады.