Генерал-майор Чэнь Цзе есімі 1997 жылы Гонконгты Ұлыбританиядан ҚХР-ға тапсыру рәсімін ұйымдастыру барысында белгілі болды. Ол ҚХАА құрама қолбасшылығы Оңтүстік театрының саяси комиссары лауазымын атқарды.
Газет дереккөздерінің мәліметтеріне сәйкес 54 жастағы генерал-майор 5 тамызда Шэньчжэнде қайтыс болды. Оның өліміне тыныштандыратын дәріні мөлшерден тыс тұтынуы себеп болды. «Чэнь жанып тұрған от еді. Оның 6 тамызда лауазымын жоғарылатуы тиіс болатын», — деп хабарлады газетке дереккөздердің бірі.
Әскери сарапшы Лян Голянның пікірінше, Чэнь Цзенің суициді ҚХАА-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеуге байланысты болуы мүмкін.