Есірткі саудасымен айналысқан ер адам бетіне грим жағып, шал кейпіне енген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есірткі саудасымен айналысқан ер адам бетіне грим жағып, шал кейпіне енген

Есірткі саудасымен айналысқан ер адам бетіне грим жағып, шал кейпіне енген

Ер адам қанша айласын асырғысы келсе де, оны тұтқындады, енді ол сот алдында жауапқа тартылады.

  • 20 Тамыз 2016
  • 353
Фото - Caravan.kz

Массачусетс полицейлері  есірткі саудасымен айналысқан күдікті Шона Миллердің үйін қоршауға алғанда олар 31 жастағы ер адамның орнына қылмыскерге ұқсамайтын егде адамның үстінен шықты. Бұл туралы  CNN хабарлады.

Одан әрі тергеуден кейін тәртіп сақшылары «шалдың» нақ сол күдікті екенін анықтаған. Ол бетіне грим жағып, түрін адам танымастай өзгерткен.

Қолданған айласына қарамастан, Миллерді тұтқындады, енді ол бетпердесіз сот алдында жауап беретін болады.