Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі аяқталғаннан кейін екі елдің Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездеу залына өтті. Қазіргі уақытта кездесу басталып кетті, одан кейін кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жүргізіледі. Қорытындысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.
Мұнан бөлек, Елбасының Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен және Серб патриархы Иринеймен кездесуі, сонымен қатар Белград орталығындағы шағын алаңдардың бірінде Сербия Президенті Томислав Николичпен бірге Жамбыл Жабаевтың мүсінін ашуы күтілуде.