Қазақстан халқы біртіндеп доллардан бас тартып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқы біртіндеп доллардан бас тартып келеді

Қазақстан халқы біртіндеп доллардан бас тартып келеді

Соңғы бір айдың көлемінде еліміздегі салымдарды доллар арқылы жүргізу төмендеді.

  • 24 Тамыз 2016
  • 445
Фото - Caravan.kz

Жыл басынан бері 70 пайыз деңгейінде тұрған көрсеткіш 2016 жылғы шілдеде бірден 58,8 пайызға дейін төмендеген. Бұл жағдай әсіресе жеке тұлғалардың депозиттері бойынша айырықша байқалды. Нақтырақ айтсақ 80 пайыздан 67,8 пайызға дейін құлдыраған, дейді BAQ.kz.

Халықтың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғары ұсынылған мөлшерлемелердің әр кезеңде 9 пайыздан 14 пайызға дейін көтерілгенін байқауға болады. Ал керісінше, шетел валютасындағы депозиттер бойынша жылдық 4,5 пайыздан 2 пайызға дейін төмендетілгенін ескерген жөн.

Халықтың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша кепілдік беру сомасы 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылды.

Сонымен бірге, Ұлттық Банктің ақпаратына сәйкес, шілде айында, 2016 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет, халық банктердің және банктік емес ұйымдардың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын сатудан гөрі сатып алу көбірек болған.

«Алдыңғы айлармен салыстырғанда шілдедегі долларды сатуға деген сұраныстың төмендеуі жазғы демалыс кезеңінде шетел валютасына деген маусымдық сұранысқа байланысты. Бұл ретте халықтың АҚШ долларына сұранысының көлемі (778,1 млн. АҚШ долл.) 2005 жылдан бастап айлық көрсеткіш рейтингінде ең төменгі көрсеткіші ретінде биылғы шілде айы тіркелді», – деп түсіндірді қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі.

«Ұлттық Банктің саясаты ұлттық валютаның тартымдылығын арттыруға бағытталған және валютадағы құралдармен салыстырғанда теңгедегі құралдардың барынша жоғары кірістілігін қамтамасыз етуге және банктерге теңгедегі өтімділікті беру құралдарын кеңейтуге бағытталады», – деді ҚР ҰБ бұл төмендеуге қатысты түсіндімесінде.


Қалай дегенмен де биылғы жаз АҚШ көкқағазының сұранысы ең төмен деңгейде болғаны анық. Ол елдің ұлттық валютаға деген сенімінің нығая түскендігін көрсетуі мүмкін. Тіпті, әлемдегі экономикалық және қауіпсіздік шараларына да қатысты болуы әбден мүмкін.