Бұл туралы Caravan.kz порталы 365info.kz-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Биіктен құлаған жігіт аулада тұрған Тойота Прадо көлігінің үстіне түскен. Маңайдағылар оны зембілге салып жатқанда, мертіккен адамның қозғалып жатқаны байқалады.
Жігіттің нақты 15 қабаттан құлағанын да куәгерлер жазып отыр. Оқиға абайсызда болды ма, әлде әдейі жасалды ма, әзірге белгісіз.