Үндістанның шығысындағы су тасқынында 1,4 млн.-ға жуық адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанның шығысындағы су тасқынында 1,4 млн.-ға жуық адам зардап шекті

Үндістанның шығысындағы су тасқынында 1,4 млн.-ға жуық адам зардап шекті

Үндістанның шығысындағы Бихар штатындағы су тасқыны құрбандарының саны 156 адамға жетті, 1,4 млн.-ға жуық жергілікті тұрғындар мүліктерінен және үй-жайынан айырылды.

  • 29 Тамыз 2016
  • 421
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ТАСС Табиғат апаты салдарын жою жөніндегі ұлттық басқармаға сілтеме жасап хабарлады.

Басқарманың мәліметтерінше, «өткен тәулік ішінде ғана үш азамат көз жұмған, соңғы екі аптаның ішінде кемінде 156 адам су тасқынының құрбаны болды». Табиғат апатынан Бихардың 12 округінің 2024 елді мекенінде барлығы 1,4 млн.-ға жуық адам зардап шекті. Тасқын сондай-ақ 8 млн.-ға жуық гектар ауыл шаруашылығы жерлерін басты, жолдарды шайып кетті, ондаған көпірлер бүлінді немесе толығымен қирады.

Құтқарушылардың жалпы саны 556 мың адамды қайықтармен қауіпті жерлерден көшіруіне тура келді, 598 уақытша тұратын лагерьлерге олардың 303 мыңы орналасты, қалғандары туыстары мен достарын паналады.  


Бихардағы ауқымды су тасқыны муссондық нөсер жауын-шашынның салдарынан штат аумағы арқылы өтетін алты ірі өзендердің, соның ішінде, Ганга өзенінің су деңгейі артуы салдарынан болды.