«29 тамызда таңертең Астана әуежайына тұңғыш рет Гонконг — Париж бағытындағы Air France әуекомпаниясының әлемдегі ең үлкен Airbus А380 жолаушылар ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды», — делінген хабарламада.
Ұшақта отырған жолаушылардың бірі өзін нашар сезінген. Оған дәрігерлердің көмегі қажет болғандықтан, ұшақты Астана әуежайына қондыруға тура келген.
«Airbus А380 ұшағы экипажының командирі бүгін ерте Астана әуежайына шұғыл қонуға рұқсат сұрап Астана уақытымен сағат 4:40-та қонды.
Әуе кемесіне шұғыл қонуға мүмкіндік беру үшін магистральді рульдеу жолағы жабылды және қажетті көмек дереу көрсетілді. Басында медициналық көмек бортта көрсетілді, бірақ жағдай мамандандырылған көмекті талап еткендіктен, капитанның кеңесі бойынша, 1961 жылы туған науқас әйел жолаушыны ауруханаға жіберу туралы шешім қабылданды. Барлық жерүсті рәсімдері аяқталған соң, жанармай құйғаннан кейін ұшақ соңғы межелі пункт Парижге жергілікті уақытпен сағат 07:33-те ұшып кетті», — делінеді әуежай хабарламасында.