Олимпиада жүлдегері Ольга Рыпаковаға мерзімінен бұрын майор шені берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Олимпиада жүлдегері Ольга Рыпаковаға мерзімінен бұрын майор шені берілді

Олимпиада жүлдегері Ольга Рыпаковаға мерзімінен бұрын майор шені берілді

ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Рио олимпиадасының жүлдегері жеңіл атлет Ольга Рыпаковаға майор шенін табыс етті.

  • 31 Тамыз 2016
  • 611
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қорғаныс министрі спортшыға “Парасат” орденін табыс етіп және қымбат сыйлықтар да сыйлады.

“Барлық әскерилер мен жеке өзімнің атынан барлық әскери-спортшылардың жетістігін атап және біздің Ольга Рыпакованы жеңісімен құттықтаймын. Ол жеңіл атлетикадан ел абыройын асырып, үздік нәтижелердің бірін көрсетті. Сіздің “қола” жүлдеңіз барлық жүлделердің арасында ерекше маңызға ие. Қарулы күштердің Бас Қолбасшысы – прездиентіміз айтып өткендей бұл жолғы жүлде біз үшін “алтынға” татиды. Лондон мен Рио олимпиадасында қатар жүлдеге ілініп, сол аралықта ана атанып та үлгердіңіз. Сіздей тұлғалардың арқасында Қазақстанның жастары еліктеп, дұрыс бағытқа түседі”, – деді Тасмағамбетов.

Ольга Рыпакова ҚР қорғаныс министрлігі орталық әскери спорт клубы қатарында 2006 жылдан бері еңбек етеді. Осы уақыт ішінде ол “Барыс”, “ҚР қарулы күштері 20 жылдығы” медалдарымен марапатталған. Жеңіл атлет өзіне көрсетілген құрметке алғысын білдірді.


“Мен барша қазақстандықтарға, Нұрсұлтан Әбішұлына, сізге және армияшылар клубына алғыс айтамын. Бәрі мені қолдап, жанкүйер болып, күш берді. Қазақстан Республикасына және спортқа қызмет етемін! Алдағы уақытта да әлемдік ареналарда қазақстандық спорт пен қазақстандық армияның даңқын шығарғым келеді”, – деді Ольга Рыпакова.

Сондай-ақ, армияшылар қатарынан Риода Ольгадан өзге тоғыз спортшы өнер көрсетті: Олар – жеңіл атлет Михаил Красилов, боксшылар Біржан Жақыпов пен Қайрат Ералиев және Жәнібек Әлімханұлы, нысана көздеуші Юрий Юрков, ескек есуші Евгений Алексеев, еркін күрес шебері Ғалымжан Өсербаев, таэквондошы Руслан Жапаров және заманауи бессайыстан сынға түскен Елена Потапенко.