Отунбаева Атамбаев сөйлеп жатқанда орнынан тұрып кетіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Отунбаева Атамбаев сөйлеп жатқанда орнынан тұрып кетіп қалды

Отунбаева Атамбаев сөйлеп жатқанда орнынан тұрып кетіп қалды

Бүгін Бішкектің Ала -Тоо алаңында Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік шара өтіп жатыр. Шарада сөз сөйлеген ел президе

  • 31 Тамыз 2016
  • 976
Фото - Caravan.kz

Бүгін Бішкектің Ала -Тоо алаңында Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік шара өтіп жатыр. Шарада сөз сөйлеген ел президенті Алмазбек Атамбаев уақытша үкіметің мүшелері мен қатар Роза Отунбаеваны да қатты сынға алды. Бұл туралы knews.kg-ға сілтеме жасап Caravan.kz хабарлады

Оның сөзінен кейін уақытша үкіметтің бұрынғы төрайымы Роза Отунбаева шыдай алмай алаңнан кетіп қалды.

Ал Атамбаевтың айтқандары мына сөздер еді:

«Конституцияға өзгерістер енгізу, деген сылтаумен Атамбаев өз уәкілетілігін созуға тырысуы мүмкін-ау, деген Отунбаеваның үрейі мен үшін түсінікті. Өйткені, ондай мысал 2010 жылы референдумда орын алды.Әркім өзінше бағамдайды. Уақытша үкіметтің бірқатар мүшелері ерте ме, кеш пе Қадыржан Батыровтың жетекшілігіндегі жікшілдерді айдап салып, тонаушылықпен айналысқаны үшін жауап беретініне сенімдімін»,- деді президент.

Оның айтуынша, дер кезінде тікелей айғақ болмағандықтан бұрынғы күштік құрылымдардың басшылары із суытып үлгерген.

«Бірақ, барлық шындық мәлім болады. Егер есіңізде болса Роза Исаконва, 2010 жылы жаңа Конституция қабылданған кезде парламентте сіздерге, ауыздарыңзға қалай қақпақ қойылғаны белгілі»,- деді Атамбаев өз мәлімдемесінде.


Отунбаевага Атамбаевдин сөзү жакпай калдыбы?

Атамбаев сүйлөп жаткан учурда Роза Отунбаева аянттан кетип калды.

Posted by Kyrgyz Azattyk Unalgysy on Mittwoch, 31. August 2016