Салтанатты шара қарсаңында елдің 25 жылда жеткен жетістігі айрықша қойылыммен көрсетілуі тиіс болған. Бірақ Кәрімов ауруханаға түскендіктен, мерекелік шараларға өзгерістер енгізуге тура келді. Бүгін Ташкент қонақтары мен тұрғындары Өзбекстанның Тәуелсіздік күні болатын дәстүрлі отшашуды көрмейді. Мейрамды ұйымдастыру комитеті өкілдерінің хабарлауынша, үкімет мүшелері мен шетел елшілері қатысатын концерт кейінге шегерілді.
РИА Новости тілшілерінің мәліметінше, таң атқаннан бері Ташкенттегі парктер мен театрландырылған алаңдар адамдарға лық толған. Ел астанасы әкімдігінің хабарлауынша, бұл күні мерекелік шаралар үшін 8 парк пен 4 арнайы алаң жұмыс істеп тұр. Мұнда әдеттегі атракциондармен қатар түрлі қолөнер шеберлері өз жұмыстарын көпшілікке ұсынуда. Ташкент циркінің алдында акробаттар мен сыйқыршылар және арқанда жүретін шеберлер өнер көрсетуде. Кешке астанада түрлі-түсті музыкалық су бұрқақтар іске қосылады.
Құқық қорғау органдары қызметкерері әдеттегідей қоғамдық тәртіпті қадағылап жүр. Бірақ олардың санының әдетттын тыс көбейгені байқалмайды.
Президенттің жарлығымен биыл Тәуелсіздік күні Өзбекстанда үш күн тойланады.
Бұған дейін Өзбекстанның ресми БАҚ өкілдері министрлер кабинетінің Кәрімовтың ауырып жатқаны жайында хабарын таратты. Өз кезегінде оның қызы Лола Кәрімова-Тилляева әлеуметтік желіде әкесінің миына қан құйылғандықтан ауруханада жан сақтау бөлімінде жатыр деп жазған болатын.