«Бала сіріңкемен немесе тез жанатын басқа да заттармен ойнауы мүмкін деген болжам жасап отырмыз»,-деп хабарлады Қуаныш Мұталлапов.
Volkswagen Transporter көлігінің мотор тұратын бөлігін мүлдем өрт шалмауы осындай болжам жасауға негіз болып отыр. Өрт салонның ішінде ғана болған. Қазір көлік ТЖД зертханасына сараптама жасау үшін тапсырылды. Шара аяқталған соң, ол құқық қорғау органдарына дәйек ретінде беріледі. Қазір ҚР ҚК 141 бабы (баланың өмірі мен денсаулығына қатысты тиісті міндеттерді қамтамасыз етпеу) бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге салайық, қыркүйектің екісі күні түскі 13:08 уақытта өрт сөндіру қызметіне ішінде бала қамалып қалған көліктің өртеніп жатқаны туралы хабар түседі. Баланың әкесі мен өтіп бара жатқан адамдар баланы құтқаруға тырысады. Алайда, қолдарынан ештеңе келмейді. Олардың қолдары мен бастары күйіп қалған. Өрт сөндірушілер сағат 13:17 тілсіз жауды ауыздықтап, баланың көлік ішінде өлі денесін табады.