Алматыда Олимпиада чемпиондары оқушыларға дене шынықтырудан сабақ берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Олимпиада чемпиондары оқушыларға дене шынықтырудан сабақ берді

Алматыда Олимпиада чемпиондары оқушыларға дене шынықтырудан сабақ берді

Алматыдағы №175 және № 90 орта мектепте Олимпиада чемпиондары «Физкульт - Ура» әлеуметтік жобасы аясында дене шынықтыру және спортқа баулу мақсатында оқушыларға сабақ берді

  • 28 Қыркүйек 2016
  • 747
Фото - Caravan.kz

Жобаға Олимиада чемпиондары: Юрий Мельниченко, Дмитрий Баландин, Ермахан Ибраимов қатысты. Арнайы ұйымдастырылған шарада 12-14 жастағы оқушы жаңа фитнес технологиясы бойынша әзірленген жаттығуларды орындады.

«Физкульт-Ура» жобасы Астанада сәуір айында жақсы жүзеге асты. Айта кету керек, бұл бір реттік акция емес. Олимпиада чемпиондарының қатысуымен өтетін сабақ жыл бойына ұйымдастырылады. 28 қыркүйектен бастап аталған жоба Алматыда басталды. Бұл жобаны бүкіл Қазақстанда жүзеге асырмақпыз», — дейді ұйымдастырушылар.

«Балалардың арасында болу қандай жақсы. Оқу, жаттығу процесінің қаншалықты қиын екенін мен енді түсініп жатқан сияқтымын. Балалар кішкентай, олардың кейбірін 45 минут бойы өзіңе қарату өте қиын екен. Бүгін біз өзімізге жүктелген міндетті атқарып шықтық. Өзімді мұғалім ретінде сынап көру мен үшін бақыт», — деді Д.Баландин.

Бір сабақ аясында Дмитрий Баландин, Юрий Мельниченко және фитнес-бапкер Валихан Тен балаларға жаттығу ғана жасатып қойған жоқ, қызықты эстафета көрсетті.


Балалар жаттығуда жүзу, грек-рим күресі, бокстың іс-қимылдарын үйренді.