«Әуе компаниясының негізгі шығындары АҚШ долларымен есептеледі. Бұған ұшақты сатып алу немесе жалға алу шарттары, қосымша бөлшектерді сатып алу, авиациялық жанар-жағармай, сақтандыру, техникалық қызмет көрсету және басқа да шығындар жатады. Ұлттық валютаның былтырғы девальвациясы компания шығындарын еселете түсті. Қазақстан бойынша ұшырылымдар ұлттық валютада төленеді, сондықтан теңгелік тарифтердің шекті деңгейінің өзгеруі амалсыз орын алды. Оның үстіне, девальвацияға қарамастан, «Эйр Астана» ішкі рейстердегі негізгі сатылым жасайтын өзге тарифтердің құнын өзгерткен жоқ, оның ішінде билетті алдын ала сату тарифтері, зейнеткерлер мен жастарға арналған тарифтер сол қалпында қалды», — деп атап көрсетілген компанияның баспасөз хабарламасында.
Сондай-ақ Ұлы Отан Соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін тегін тасымалдау саясаты да қалды.
«Ішкі рейстердің орташа тарифі биыл бірінші жартыжылдықта өткен жылмен салыстырғанда, 22 пайызға қымбаттады. Бұл девальвация көлемінен әлдеқайда төмен, сондықтан компания 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында 6,6 миллион АҚШ доллары шамасында шығын көрді», — деп жазады «Air Astana».
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2016 жылы Қазақстанда әуе билеттері 40 пайызға қымбаттаған. Қазіргі уақытта аталмыш фактіге байланысты жәйттармен монополияға қарсы күрес органдары айналысуда.