Сондай-ақ, оның есі дұрыс екені анықталды. Бұл туралы 31 арнаға күдіктінің адвокаты Намиг Велиев айтты.
Белгілі болғандай, ер адамның өзі де зорлықтан жапа шеккен. Ол кішкентай кезінде шизофрениямен ауыратын ағасы қорлағанын айтты.
Қазір ер адам 32 жаста. Оның әйелі және бес жасар ұлы бар. Қамауға алынғанға дейін ол жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан.
Еске сала кетейік, 6 жасар қыз әлі ес-түссіз жатыр. Оны елорданың үздік мамандары емдеуде, алайда қыздың халі ауыр. Қыздың туыстары Үндістанның мамандарына зор үміт артып отыр. Алайда емнің бұл түрі медицинада мойындалмаған және ол Қазақстанда тіркелмеген.