«Қазақстан аумағы арқылы жылжитын атмосфералық фронтальды бөліктер алдағы үш күндегі ауа райына ықпал ететін болады. Атап айтқанда, облыстардың басым бөлігінде жауын-шашын, қар, кей жерлерде тұман және көктайғақ болады деп күтілуде. Тіпті күндізгі уақытта температура нөлге жақындайды. Бұл әдеттегі ауа райынан 3-6ºС төмен», — делінген «Қазгидромет» РММ хабарламасында.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр 12 қазан күні басталады, ал 13 қазан күні қатты жауын жауып, температура әдеттегіден 3-5ºС төмендейді. Тек батыс облыстарында аздаған жаңбыр жауып, кейінірек антициклон әсерімен жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Бірақ, жексенбі күні 20-25ºС көрсетсе де, бұл аптадағы ауа температурасы күндіз 5-13ºС аспайды.