Қазақстандық екіқабат әйелдерге смартфон мен ноутбуктан бас тарту ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық екіқабат әйелдерге смартфон мен ноутбуктан бас тарту ұсынылды

Қазақстандық екіқабат әйелдерге смартфон мен ноутбуктан бас тарту ұсынылды

Жүктілік кезінде гаджет қолдану өте қауіпті. Болашақ аналардың әлеуметтік желілерге емес, әдемі дүниелерге жиі қарағаны пайдалырақ болмақ.

  • 20 Қазан 2016
  • 739
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Соңғы үш жылда генетикалық қиындықтарға байланысты жүктілігіне зиян келтірген әйелдер саны екі есеге артқан.

“Бұл өмір сүру салтына тікелей байланысты. Урбанизация үрдісі, гаджеттердің көбеюі, ұялы телефондар, компьютерлердің де жүктілікке зияны орасан”, – дейді дәрігер Динара Мырзахметова.


Оның айтуынша мұның барлығы жатырға әсерін тигізеді. Құрсақтағы түрлі ауытқушылықтар жүктілікті тоқтатады екен. Тек Алматының өзінде жыл сайын 300 әйел түсік жасатады. Оның арасында дәрігердің тыйымына қарамастан босанатындар бар.