Green Mart мұрны сынған Астана тұрғынына 150 мың теңге өтемақы төлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Green Mart мұрны сынған Астана тұрғынына 150 мың теңге өтемақы төлейді

Green Mart мұрны сынған Астана тұрғынына 150 мың теңге өтемақы төлейді

Green Mart сауда үйінде мұрнын сындырып алған Астана тұрғыны мекемеден 150 мың теңге моральдік шығын өндіріп алды, деп хабарлайды Today.

  • 20 Қазан 2016
  • 833
Фото - Caravan.kz

Green Mart сауда үйінде мұрнын сындырып алған Астана тұрғыны мекемеден 150 мың теңге моральдік шығын өндіріп алды, деп хабарлайды Today.kz Астана сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, әйел адам құлаған кезде мұрнын жарақаттап алады. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі оған медициналық көмек көрсетіпті. Ал, ЛОР-дәрігердің анықтамасына сай, оған оперция жасауға кеңес берілген.

Сауда үйінің басшылығы зардап шеккен әйелге жанжалды доғару мақсатында құны отыз мың теңге болатын тауар ұсынған. Алайда, ол мұндай сыйлықтан бас тартып, сотқа беруді ұйғарыпты.


Астананың Алматы аудандық соты «GreenMart» сауда желісінен зардап шеккен тұрғынға 150 мың теңге өндіріп берген.