Атышулы Мақсат Үсеновтің «қызы» ретінде танылған Аделя Ким қалай өмір сүруде? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атышулы Мақсат Үсеновтің «қызы» ретінде танылған Аделя Ким қалай өмір сүруде?

Атышулы Мақсат Үсеновтің «қызы» ретінде танылған Аделя Ким қалай өмір сүруде?

«Атың шықпаса, жер өрте» дегенді қазақ осындайда айтса керек. Бұл қыз сұмдық жол апатын жасап, артынан жазадан құтылып кетуімен аты шыққан Мақсат Үсеновпен суретке түсіп, оны Инстаграмда жариялау арқылы танылған болатын. Содан кейін Аделя Мақсаттың құрбысы атанып кетті.

  • 25 Қазан 2016
  • 11458
Фото - Caravan.kz

Алайда қазір Аделя Кимнің cosmoteddy деп аталатын парақшасынан оның Мақсат Үсеновпен де, басқа жігітпен де түскен суретін көрмейсіз. Қазір бойжеткен жалғыз өзінің ғана ашық-шашық кейіптегі фотоларын жариялайды.  Әрі өзін «милашка» деп атайды. Caravan.kz медиа-порталының тілшісі оның Инстаграмдағы парақшасына көз жүгіртіп, Аделяның қалай өмір сүріп жатқанын білді.

Фотоларға қарап, Алматыда бойжеткеннің жеке шоу-румы бар екенін байқауға болады.

Аделя Ким парақшасына жазбалар мен суреттерді шамамен 9 апта бұрын жариялай бастаған. Ол қымсыну дегенді білмейтін сияқты.

Ол арақ ішіп, темегі шегіп түнгі клубта жүргенде түскен суреттерін де аямай салған.  

Сондай-ақ, бұл қыздың Инстаграмдағы және басқа да әлеуметтік желілерде өтірік парақшалары бар екен. Бұл туралы Аделяның өзі айтып отыр.

Айта кету керек, Аделя Кимнің Мақсат Үсеновпен түскен суреті жарияланғаннан кейін, әлеуметтік желіде МС Сайлаубекпен құшақтасып тұрған фотосы пайда болды. Сол кезде желі қолданушылары бұл қыз өзінің атын шығару үшін осылай істеп жүр деген пікір айтқан еді.


Естеріңізге салсақ, Мақсат Үсенов 2013 жылғы желтоқсан айының басында Алматыда жол бойында тұрған бірнеше жігітті БМВ Х6-мен қағып өтіп, олардың бірі қаза тапқан болатын. Сол кезде ол арақ ішіп алған екен. Бұл аз десеңіз, Үсенов соның алдында көлікті мас боп тізгіндегені үшін жүргізушілік құқығынан айырылыпты.

2014 жылғы қаңтардың аяғында аталған жол апатынан қаза тапқан жігіттің әкесі екі тараптың келісімге келуіне байланысты Мақсат Үсеновке қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш жасады. Ол бұны кешіргенін айтты. Сөйтіп, осы өтінішті негізге алып және Үсеновтің кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 67-бабы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Мақсат жарты миллион айыппұл төлеп, қамаудан босап шықты.

Үсенов сол кезде 2018 жылға дейін жүргізушілік құқығынан айырылғанына қарамастан, 2014 жылдың 15 қарашасында Мерседесті тізгіндеп жүріп, тағы бір жол апатына себепкер болды. Онда қарсы жолға шығып кетіп, Toyota RAV4-пен соғысқан. Сөйтіп, Toyota-ны жүргізіп отырған 38 жастағы әйел зардап шекті. Үсенов бұл жолы да жазадан оңай құтылды. Онда да медициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін ғана 20 тәулік қамауда отырып шықты.      

Мақсат Үсеновтің 20 тәуліктен кейін бостандыққа шыққан кезі. 5.12.2014 ж.Мақсат Үсеновтің 20 тәуліктен кейін бостандыққа шыққан кезі. 5.12.2014 ж.