Алматы облысында 5 күн бұрын жоғалған екі азаматтың біреуінің өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 5 күн бұрын жоғалған екі азаматтың біреуінің өлі денесі табылды

Алматы облысында 5 күн бұрын жоғалған екі азаматтың біреуінің өлі денесі табылды

Алматы облысы Ақсу ауданында 5 күн бұрын жоғалған азаматтың өлі денесі көлшіктен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 1 Қараша 2016
  • 1173
Фото - Caravan.kz

1961 жылы туған Аймұхамед Омарұлы 27 қазан күні кешкі сағат 18-00-дер шамасында Талдықорғанға бару мақсатымен жолшыбай автокөлікке отырамын деп жолға шыққан. Жанында оның бажасы Бақтыбай Ибрагимов болған. Екеуі де Ақсу ауданы Сағабүйен ауылына қарасты «Жанаш» қыстағында малшы болып істеген. Екеуі Талдықорған-Матай тас жолына бір атқа мінгесіп келген. Бірақ сол сәттен ұшты-күйлі жоғалып, хабар үзілді дейді, Бақтыбай Ибрагимовтың туған інісі Амангелді Ибрагимов. Ал, бүгін бір сағат бұрын отбасының туыстарына қаралы хабар жетті. Аймұхамед Каметбаевтың өлі денесі Талдықорған-Матай тас жолы маңындағы көлшіктен табылған.


Амангелдінің айтуынша, өлі денесі табылған азамат сол күні қызының тойына бармақ болыпты. Қалтасында 70 мың теңге ақшасы болған. Бірақ, марқұмның мүрдесін тапқан туыстары ақшаға ешкім тиіспепті деп, таңырқап отыр. Ал 1976 жылғы Бақтыбай Ибрагимовтан әлі ешқандай ақпарат жоқ. Оның жары және 4 баласы бар. Қазіргі таңда іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Туыстарының мәлімдеуінше, жоғалғандарды іздеуге Ақсу аудандық ІІБ-нің қызметкерлері бір күн ғана арнаған. Тәртіп сақшылары жоғалғандардың ұялы телефон арқылы соңғы рет кіммен сөйлескенін анықтау үшін Астанаға сұраным жіберген.

Алайда 5 күн бойы бір де бір мәлімет ала алмай отырған бұл қандай құзырлы орга"н, — деп күйінеді Амангелді Ибрагимов.



Естеріңізге сала кетейік, Ақсу ауданында тамыздың 1 күні 19 жастағы Абай Асубайұлы да қыстақтағы малын іздеп кетіп, әлі хабар-ошарсыз.

Ал Бақтыбай Ибрагимовтың туыстары оның аман келетінінен үмітті. Егер кімде-кім осы азамат жайлы ақпарат білсе және осы оқиғаға куә болғандар болса, Ақсу ауданының ІІБ хабарласуларын сұрайды.