Баянның бұрынғы күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұрауына қарамастан Бақытбек Есентаев ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды
Сот танымал қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының (Есентаева) бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруға соттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.
Бақытбек Есентаев өз әйелін өлтіруге оқталды, сонымен қатар сексуалдық сипаттағы қылмыстар жасады деп айыпталған. 10 маусымда танымал продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті. Бұл қылмысты жасады деген айып оның бұрынғы күйеуі Бақыт Есентаевқа тағылды. Сотталушы сотқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабының 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-бабының 1-бөлімі (зорлау) 121-бабының 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша жіберілді.