Тағы бір ірі кеден бекетінде былық шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тағы бір ірі кеден бекетінде былық шықты

Тағы бір ірі кеден бекетінде былық шықты

Бұл жолы Шығыс Қазақстандағы "Бақты" бекетіне қатысты лауазымды тұлғалар ұсталды.

  • 4 Қараша 2016
  • 1004
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы 31.арна хабарлады.

Бас прокуратура өкілдерінің айтуынша, әшкереленген қылмыстық топтың 2 мүшесі — кеден қызметінің бұрынғы бөлім басшылары екен. Компанияның қызметкерімен біріккен кеденшілер Қытайдан Ресейге қарай халық тұтынатын тауарларды контрабандалық жолмен өткізіпті. Заңсыз жолмен тасымалданған өнімдердің жалпы құны 2 миллиард 600 миллион теңгеден асқан. Айта кетерлігі, осынша ірі көлемді қаржымен байланысты қылмысты 1 жыл ішінде жүзеге асырып үлгіріпті.

"Олар өздерінің қитұрқы әрекеттерін 2014 жылғы маусымнан бастап, желтоқсанға дейінгі кезең аралығында іске асырып келген. Қазіргі күні күдіктілер Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұйымдасқан топ мүшелеріне қатысты дәлелдемелер жиналды",- деді ҚР Бас прокуратурасы аппараты жетекшісінің орынбасары Нұрділдә Ораз