Жәрмеңкеге ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің сертификатын алған 30-дан астам компания өкілдері өз өнімдерін қояды. Атап айтқанда, ет, шұжық, кондитерлік өнімдер, сусындар және азық-түлік өнімдері. Сонымен бірге биологиялық белсенді қоспалар да аталмыш жәрмеңкеге қатысады.
Естеріңізге сала кетейік, аталмыш бөлім 2014 жылы қазан айында құрылып, осы күнге дейін 70-ке жуық кәсіпорынға халал сертификатын берді.