Елімізге жиендік жолмен келген ең танымал әндердің тізімі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізге жиендік жолмен келген ең танымал әндердің тізімі

Елімізге жиендік жолмен келген ең танымал әндердің тізімі

Бүгінде еліміздегі шоу-кәсіптен мол табыс тауып жүрген жұлдыздардың барлығы дерлік үлкен сұранысқа ие. Әйтседе атағы шығып жүрген сол әншілердің бағын ашатын әсем ән екені екі бастан белгілі. Өкінішке қарай қазір халықтың құлақ құрышын қандырып жүрген көптеген қазақ әншілері айтып жүрген әндердің түбінде жиендік жолымен келгені әлі күнге дейін анықталып жатыр.

  • 8 Қараша 2016
  • 6397
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін де қазақтыкі деп келген бірқатар шығармалардың көрші өзбек, қырғыз ағайындардан көшіріп алынғаны жария болды. Ал енді батыс, қап тауы елдері мен араб әндерінің де қазақша нұсқалары орындала бастапты.

Дегенмен бұл күнде әншілер олардың негізгі авторларын жасырмай айтатын айлаға көшіп алған.

Caravan.kz медиа-порталы осындай жолмен келген қазақша хит әндердің тізімін жасап көрді.

Бейбіт Қорғанның орындауындағы «Шоқ қыздар» әні бір кездері әп сәтте-ақ жастардың сүйіп тыңдайтын әніне айналды. Тек кейін барып оның көрші елге тиесілі екені мәлім болды. 2009 жылы ол әнді қырғыз сазгері Ильяз Абдразақовтан сұрап алыпты.

Бірнеше жыл бойы Ақылбек Жеменей шырақ жүрген «қызыл өрік» әнінсіз той өтпейтін еді. Ғажап әннің атағы қырғызға жеткенде ғана шын авторы мәлім болды. Олар Мирбек Ата­беков, Ильяс Абдразақов, Мирлан Алыкулов се­кілді қырғыз сазгерлері екен.

Чип-Чип деп шырқалатын «Мария арман едің» әні арқылы әнші Асхат Тарғын талай тойдан табыс түсіргені жасырыны емес. Бұл әнің де кейін барып италиян тіліндегі көне ән екені белгілі болды.

Ғаділбек Жанайдың «Ханшайым» әні де соңғы жылдары ғана танымал бола бастады. Әйтседе ән Армян әншісі Рипсимэ Акопян орындайтын «Tarorinak» аты әнгі ұқсас болып шықты. Дегемен Жанай мырза көшірме емес деп отыр.

Қайрат Нұр­тас шырқаған «Сұранамын» әні де хит әндердің қатарына енді. Бірақ кейін оның авторы қырғыз сазгері Мирбек Атабеков екені мәлім болды.

Қайрат Нұртас & Азия тобы бірігіп орындаған «Шағала қыз» әні Армениялық әнші Лилиттің орындауындағы шығарма екенін баршаға мәлім. 

Әлішер Кәрімовтің орын­дауындағы «Келемін саған» әні – түрік әншісі Gülben Ergen шырқап жүрген «Bay Doğru» әнінің қазақша нұсқасы.


Бүркіт пен Аиша «Тау-тау сезім» әнінің түпнұсқасы өзбек әншісі Фаррух Комиловтың «Кел-кел» атты әні деп келді. Сөйтсе оны талай жылдан бері румындық әнші Andrea&Costi — Neblagodaren деген атпен орындап жүр екен.

Төреғали Төреәлінің орындауындағы «Төрешім» әнін бірден көпшілікті баурап алған туынды. Әйтседе бұл әнді де көпшілік плагиат деп бағалап жүр. Мұны Еуропалық Fly Project тобы Hello деген атпен орындап жүр.

Арайдың «Ақ қурай» әні Lionel istrati — eu numai, numai әнінің тура көшірмесі

 Маражан Арапбаеваның «Қазақ елі осындай» әні елді патриотық сезімге бөлеп, ұлттық рух беріп жүрді. Бірақ бұл туынды да Арапбаеваға румындық талантты әнші Люминита Ангел сыйлапты.

Бір кездері Сырым Исабаев орындап жүрген «Алдадың» әні де көрші қырғыз ағайындардыкі болып шықты.

Сахнада жүргеніне талай жыл болған «Мұ­зарт­» тобы да айыр қалпақты ағайындардың әнін орындаудан кет әрі емес. Мәселен «Арман, арман», «Таң сыры», «Тамшы­ла­р» әндері соның дәлелелі.

Осылай әшкере болып жатқанына қарамастан, біздің өнерпаздар шетел әндеріне жиендік жасауды қояр емес. Белгілі әнші-сазгер Арман Дүйсеновтің сондай туындылардың соңғыларын естіп, таң қалғаны туралы кеше хабарлағанбыз.