Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.
Пікір айтқандардың көбі әкімге аяушылық білдірген.
Біреу "Видеоны алып тастаңыз, ұят қой" десе, енді бірі "Ол да адам баласы ғой, шаршаған шығар. Ондай-ондай болады" депті. Біреу тіпті "біздің әкім бәрібір жарап тұр" деп жазған. Яғни пікір білдірушілердің басым бөлігі "жұмысы көп, аз ұйықтайды, сондықтан болар" деп Ілияс Оспановқа шаң жуытпай жатыр. Ал әкімді бұл үшін сынаушылардың бірі былай дейді: "Олар көп жұмыс істейді деп жатырсыңдар ғой. Мен де бес-ақ сағат ұйықтаймын. Бірақ жұмысымда бұлай қалғып кетпеймін. Өйткені адамдардың өміріне жауаптымын. Жұмысы көп деп оны ақтамай-ақ қойыңдар".