Балиева педофилдерді өлім жазасына кесуді сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балиева педофилдерді өлім жазасына кесуді сұрады

Балиева педофилдерді өлім жазасына кесуді сұрады

Елімізде педофилдер химиялық жолмен піштіріліп қана қоймай өлім жазасына да кесілуі мүмкін. Балалар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен бүгін заңға осындай бап қосуды ұсынды.

  • 23 Қараша 2016
  • 641
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы КТК хабарлайды.

Мәжілісмен Зағипа Балиева да ақтаулық 6 жасар қызды өлтірген азғынға өлім жазасын қолайлы көріп отыр.

-Өз пікірім өлім жазасына  тартылуы  керек. Балалар неге  қорлық көріп отыр? Осының бәрін терең сараптап заңға өзгеріс енгізу керек. Осыны  міндетті түрде істейміз, деді Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева.

Астанадағы ауруханада көз жұмған Виктория Мининаның денесі ұшақпен  туған жері Ақтауға жеткізілмек. Жол шығыны мен жерлеу рәсіміне жергілікті шенеуніктер көмектесуге уәде етіпті. «Миы өліп», тыныс алу аппаратына жалғанған қызды құтқаруға отандық түгілі шетелдік  медицинаның күші жетпеді. Ал бүлдіршінді зорлап өлтірген 32 жастағы күдікті қазір қамауда отыр. Сотта кінәсі дәлелденсе енді ұзақ уақыт бостандық көрмейтіні анық.