Атырауда күйеуі әлеуметтік желідегі суреті үшін әйелін өлтіре жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда күйеуі әлеуметтік желідегі суреті үшін әйелін өлтіре жаздады

Атырауда күйеуі әлеуметтік желідегі суреті үшін әйелін өлтіре жаздады

Атырау қалалық прокурорының орынбасары Айбек Қанатбековтің айтуынша, осы жылдың мамыр айында Атырау тұрғыны К. өз әйелінің Вконтакте желісіндегі басқа ер адаммен түскен суретін көріп қойған.

  • 26 Қараша 2016
  • 1507
Фото - Caravan.kz

Әйелін қызғанып, оның сөздеріне құлақ аспаған ер адам оны аяусыз соққыға жығып, артынша пышақ сұғып алған, деп жазды  Стан.кз порталы  “Ақ Жайық”басылымына сілтеме жасап.

К.-ның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабы 1-тармағы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қылмыстық іс қозғалды. Ер адам өз кінәсін толықтай мойындады. Сот оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды.