Күннің жылынуы көктайғаққа әкеп соқты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күннің жылынуы көктайғаққа әкеп соқты

Күннің жылынуы көктайғаққа әкеп соқты

Еліміздің басым бөлігінде көктайғақ, тұман, бұрқасын болып, жел күшейеді. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттың өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты, оңтүстік-шығыста және солтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз болады, "Қазгидромет" РМК.

  • 3 Желтоқсан 2016
  • 615
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, деп жазады Sputniknews.kz.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел күндіз 15-20, екпіні 25 м/с, кей уақыттарда 30 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, күндіз кей жерлерде жел  15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейіп, жаяу бұрқасын болады, күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде  бұрқасын, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.



Қостанай облысында желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.   Солтүстік Қазақстан  облысының  кей жерлерінде  түнде тұман, күндіз көктайғақ болып,  жел 15-20 м/с  күшейеді. Шығыс Қазақстан  облысының кей жерлерінде  тұман, бұрқасын болып, жел  15-20 м/с күшейеді.  Алматы  облысының  Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 30 м/с күшейеді.