Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі қамалып, соққыға жығылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі қамалып, соққыға жығылды

Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі қамалып, соққыға жығылды

Азаттық радиосының түркімен қызметінің тілшісі Худайберди Аллашов Түркіменстанда Дашогуз облысында полиция тарапынан ұсталып, соққыға жығылған.

  • 6 Желтоқсан 2016
  • 685
Фото - Caravan.kz

27 жастағы Аллашовпен бірге оның анасы мен әйелі де ұсталған. Кейін анасы мен әйелін босатқан. Полиция Аллашовты 11 келі насыбайды үйінде сақтады деп айыптайды.

Куәгерлер болса оған тағылған айыптың жалған екенін, полиция бөлімшесінде Худайберди Аллашовты қатты соққыға жығып, айыпты мойындауға мәжбүрлегенін айтады. Тағы бір куәгер тілшінің тергеуден шыққаннан кейінгі денесіндегі жарақаттарды көрген.

Худайберди Аллашов Азаттық радиосында биылғы жылдың қазан айынан бері қызмет етеді. Ол адамдарды мәжбүрлі түрде мақта теру жұмысына салатыны, аймақтарда азық-түлік тапшылығы, жұмысшылардың еңбек ақысын уақытында ала алмай жүргендігі жөнінде репортаждар дайындаған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы Худайберди Аллашовқа қарсы тағылған айыпты оның кәсіби қызметіне тікелей байланыстырады.


«Біз бұл айыптаулар радионың түркімен қызметінің үнін өшіріп, түркімен халқын үрейлендіруге бағытталған кампанияның бір бөлігі деп есептейміз. Біздің тілшілерді қамауға алды, соққыға жықты, тергеді. Біздің оларға зорлық-зомбылық көрсетті деп айтуымызға негіз бар. Бұған түркімен билігі жауапты деп есептейміз», деп атап өтті Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті Томас Кент.

Соңғы жылдары Түркіменстанда Азаттық тілшілерін қуғындау күшейіп кетті.