Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге жеткізілді

Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге жеткізілді

Мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Еркін Ізбасаров Ақтөбеге жеткізілді. «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен танымал қылмыстық топтың серкесін енді осында тергейтін болды. Алдын-ала мәлімет бойынша, ол жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді қарақшылық үшін пайдаланған. Солардың бірі бүгін ұсталды. Сондай-ақ, қауіпсіздік комитетіндегілер Темір ауданындағы мұнай өндіретін зауыттарды тінтіп шығыпты.

  • 9 Желтоқсан 2016
  • 3124
Фото - Caravan.kz

Қара алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау ұзаққа созылатын сияқты, деп хабарлайды КТК телеарнасы. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жемқорлыққа қарсы күрес бюросы өкілдері таңнан бері тағы да шапқылап жүр. Аймақтағы әсіредіншілерді қаржылай қолдап отырғандарды жаңа жылға дейін тазартып болу керек деген бұйрық түскен. 

Арнайы жасақ. КТК кадрыАрнайы жасақ. КТК кадры

Ақтөбедегі халықаралық әуежай ғимаратының жанындағы қосалқы қақпа түстен кейін қоршауға алынды. Қадірлі қонақты күткендей сарбаздар ұшақ алаңында сап түзеп тұр. Дегенмен, әуе жолы арқылы лауазымды тұлғаны емес, еліміздегі «Ағайынды төртеу» деген лақап атпен танымал қылмыстық топтың серкесі 50 жастағы Еркін Ізбасаровты Алматыдан жеткізді. Ол үшін ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің ұшағын арнайы бөлген. Қара алтын ұрлаумен айналысқан қарақшылардың арбаға таңылған басшысы көп сөзге жоқ. Бет-жүзін жасырып әлек болды.

Еркін Ізбасаровты ұшақтан түсіріп алды. КТК кадрыЕркін Ізбасаровты ұшақтан түсіріп алды. КТК кадры

Еркін Ізбасаровпен бірге оның көлік жүргізушісі мен оққағары да қазір Ақтөбеде. Енді оларды мұнай ұрлығына қатысты осында тергейтін болады.


КТК кадрыКТК кадры

Белгілі болғанындай, Ізбасаров аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырған. Салафизм ағымын ұстанған сыбайластарының бірі бүгін ұсталды.

Е.Ізбасаровтың салафизм ағымын ұстанған сыбайластарының бірі. КТК кадрыЕ.Ізбасаровтың салафизм ағымын ұстанған сыбайластарының бірі. КТК кадры

Қылмыстық топ мүшелерін ұстау Темір ауданында жалғасты. Шұбарқұдық ауылында қара алтынды тасымалдаумен айналысқандардың бірі тұтқындалды. Ол да радикалдық діни көзқараста екен. Ұрланған мұнайдан түскен ақшаларын басшыларымен бөлісіп, қалғанын әсіредіншілерді қолдауға жұмсап отырған. Айта кетелік, операция өткен Темір ауданында жат ағымның жетегінде кеткендер азаймай отыр. Осыдан бес жыл бұрын радикалдар дәл осы ауданда бас көтерген болатын. Шұбарши ауылында экстремистер тәртіп сақшыларымен атысып, елді үрейде ұстаған еді.