Бұл туралы Tengrinews.kz СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, BMW X5 Абайдың бойымен шығыс жаққа қарай олай-бұлай орағытып, құйындатып келе жатыпты. Қиылыстың алдында ол Toyota-ның айнасын іліп кеткен. Одан кейін бар жылдамдығымен келіп ВАЗ-2114-ке соғысты. Ресейлік көлік қатты соққыдан цемент қаритын техникаға барып соғылған.
Ал BMW X5 басқа бағыттағы Renault-ты қаққан.
Құдай сақтап, жол апатынан адамдар зардап шеккен жоқ. Қазір құқық қорғау орындарының қызметкерлері оқиғаның себеп-салдарын анықтаумен айналысуда.