«Қазақстанның бірқатар аймағында әлі де ауа райы қолайсыз болады. Атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа температурасы күрт өзгеріп, қар жауады, боран соғады. Бұрқасындатып (көру қашықтығы -200-500 м), қатты жел соғады, көктайғақ болады. Ал батыс және оңтүстік облыстарда тұман түседі. Жолдарда көру қашықтығы 200 метрден кем болады», — деп жазылған хабарламада.