Мал әкеле жатқан екі машина қыстаудан шығып келе жатқанда, қарға малтығып тұрып қалған. Оларды құтқару үшін ЖБ-7 жеке құрамының арнайы құтқару техникасымен 4 маман жіберіледі, деп хабарлайды ТЖ департаментінде.
Зардап шегушілерге жету оңайға соқпады. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты, құтқару тобы айтылған жерге күн бата келген. Жүргізушілерден басқа адамдарды автокөліктерге отырғызып, малы бар машиналар өздігінен техниктердің соңынан ереді. Барлығы тас жолға шыққан соң, құтқарылғандар ТЖД қызметкерлеріне алғыстарын айтып, одан әрі өздері жүріп кетті.