Алматы облысы полицейлері әкімшілік айыппұл салу бойынша шараларды күшейтті деп хабарлайды аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер бағдарламалық қамсыздандырылуы жаңартылған фоторадар кешендерімен қаруланды. Шараны күшейтілуі жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлға мән бермейтін автокөлік жүргізушілеріне әсер етеді. Жаңартылған бағдарлама іске қосылғалы бері екі апта ішінде жол-көлік қозғалысы ережесін бұзғандардан мемлекеттік кіріске 76 миллион 359 мың теңге алынды.