Лақап аты "Тимур ағай" деген педофил ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лақап аты "Тимур ағай" деген педофил ұсталды

Лақап аты "Тимур ағай" деген педофил ұсталды

Күдікті 8 жастағы қыздың отбасымен көрші тұрған 56 жастағы зейнеткер болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Полиц

  • 26 Желтоқсан 2016
  • 1285
Фото - Caravan.kz

Күдікті 8 жастағы қыздың отбасымен көрші тұрған 56 жастағы зейнеткер болып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Полиция қызметкерлері Қарағанды қаласының кәмелетке толмаған тұрғынына бұзық ойларын телефон арқылы айтқан күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта оны қамауға алу туралы мәселе қаралып жатыр", — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Сонымен қатар, ол осы іс бойынша, "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бабымен соталды тергеу басталды.

"Қарағандының ішкі істер органдарының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстау үшін кешенді шаралар мен сараптамалар жүргізілді, оның қорытындысы күдіктінің кінәсін дәлелдеп отыр", — деп атап өтті Құдияров.

Ал педофилдің құрбаны болған қыздың анасы ұсталған адам жайлы толығырақ айтып берді. Әйелдің айтуынша, ер адам оның көршісі екен.

"Ол 2-ші қабатта тұрады. Ал біз 5-ші қабатта. Ол қазір зейнетке шыққан, оның алдында құқық қорғау органдарында істеген. Оның әйелі бар, балалары ер жетіп қалған. Мен онымен кеше полицияда жүздестім. Әрине, ол кінәсін мойындап отырған жоқ. Адвокат жалдап, жүрегі қысып кеткен болып қойылым жасады. Бірақ мен соңына дейін барам! Ол жазаға тартылуы тиіс! Мен оған моральдық шығынды өтеткіземін. Оның кесірінен мен жұмыстан шығып, қызымды күзетуім керек болды", — дейді 8 жастағы оқушының анасы.

Жақын арада фоноскопиялық сараптаманың қорытындысы дайын болады екен. Ал әйелдің сөзінше, күдіктінің кінәсін мойындатуға дәлелдер жетіп артылады.


Еске салайық, өзін "Тимур ағай" атайтын педофил бір жыл бойынша 8 жастағы қарағандылық қызды телефон арқылы қорқытып келген. Ол қыз балаға өзінің бұзық ойларын телефон арқылы айтып отырған. Оқушы қыздың анасы бұл сұмдықтың бір жыл бойы жылғасып келе жатқанын, ал полиция күдіктіге қатысты еш шара қолданғысы келмей, істі созбалап келе жатқанын айтады. Өзінің қызын қорғау үшін анасы жұмыстан шығуға мәжбүр болған. Ал әйел адам қызды жалғыз тәрбиелеп отыр.

Кейін облыстық ІІД-де қыздың анасы түсірген арыз тамыз айының соңында тіркелгенін айтты. Аталған іс аймақтық ІІД-нің ерекше бақылауында және "Он төрт жасқа толмаған тұлғаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау" бабы бойынша соталды терегу жүргізіліп жатыр. Осы дерекке байланысты арнайы жедел-тергеу тобы құрылыпты