«Астанаэнергосбытке» 3 млн теңге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Астанаэнергосбытке» 3 млн теңге айыппұл салынды

«Астанаэнергосбытке» 3 млн теңге айыппұл салынды

Антимонополиялық орган «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға заңнаманы бұзғаны үшін 3 миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқп

  • 29 Желтоқсан 2016
  • 519
Фото - Caravan.kz

Антимонополиялық орган «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға заңнаманы бұзғаны үшін 3 миллион теңге айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңының 5-бабы, 1-бөлімі, 5-тармақшасында көрсетілген (табиғи монополиялар субъектісінің реттелетін қызметтеріне (тауарларға, жұмыстарға) қолжетімділік жағдайларын міндеттеу немесе тұтынушыларды кемсітушілікке әкеп соғатын өзге де әрекеттер) құқықбұзушылық фактісі анықталды», — делінген ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің хабарламасында. Осыған байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ға ҚР ӘҚБК 164-бабы, 4-бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды.

Комитет департаменті серіктестіктің өтінішіне сәйкес, ҚР ӘҚБК 24-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қарауына жіберді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың қаулысымен 1600 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды, яғни мемлекет пайдасына 3 393 600 теңге өндіріледі.