Алматыдағы Универсиадаға әлемнің 59 елінен 2 000 спортшы келеді деп күтілуде. Олар спорттың 12 түрі бойынша бақ сынамақ.
Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысында Алматыдағы Универсиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйақы мөлшері жайлы айтты.
«Спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетуі үшін бір мезетте жазғы және қысқы Универсиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сыйақы беру жайлы шешім шықты. Бірінші орын үшін - 4,9 миллион теңге, екінші орынға - 3,3 миллион теңге және үшінші орынға - 1,6 миллион теңге беріледі. Дәл осындай сома жеңімпаздар мен жүлдегерлердің бапкерлеріне де қарастырылған», - деді Мұхамедиұлы.
Алматыдағы Универсиадаға әлемнің 59 елінен 2 000 спортшы келеді деп күтілуде. Олар спорттың 12 түрі бойынша бақ сынамақ.